Қазақстан – Ресей шекарасынан көлікпен өту қиындайды

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан – Ресей шекарасынан көлікпен өту қиындайды
353

ҚР ҰҚК Шекара қызметі биылғы 15-28 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы «Құрманғазы» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Көрсетілген кезеңде шектес аумақта жол төсемін жөндеу жоспарланған. Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары