Павлодарда көпбалалы әйел өзін өртеп жібермек болған

Оны құрбысы құтқарып қалған.

Павлодарда көпбалалы әйел өзін өртеп жібермек болған
Сурет: www.istockphoto.com
504

Павлодарға қарасты Мойылды ауылында тұратын көпбалалы әйел өзін-өзі өртеп жібермек болды. Оны құрбысы құтқарып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлердің айтуынша, 34 жастағы келіншек үстіне жанармай құйып тұтатқан.

- Денесінің 36 пайызын термиялық күйік шалған. Аяқ-қолы (2-дәрежелі) күйген. Науқас жедел жәрдеммен қалалық №1 ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мақпал Қаржаубай.

1990 жылы туған әйелдің бес баласы бар. Күйеуі Ресейде вахталық жұмыста.

- Көпбалалы отбасы. Атаулы әлеуметтік көмек алады. Күйеуі вахтада. Ешқандай талабы болған жоқ. Осы ауылда әжелері тұрады. Қазір үш естияр баласын әжесінің қолында қалдырып, екі кішкентайды әйелдің шешесі алып кетті, - дейді Мойылды ауылының әкімі Жеңіс Әбікен.

Оның айтуынша, қазір мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары