Ләйлә Сұлтанқызы Flyarystan әуекомпаниясынының үстінен арыз жазды

Оның бетіне үстіңгі сөреде тұрған ауыр зат құлап, көзінің тұсын жырып, қабағын жарақаттаған.

Ләйлә Сұлтанқызы Flyarystan әуекомпаниясынының үстінен арыз жазды
Instagram/sultankyzy
965

13 тамыз күні сағат 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келген белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы борттың ішінде келеңсіз жағдайға тап болған. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Оның айтуынша, ұшақ жерге қонған соң, есігі ашылмай тұрып қалған сәтте жанында отырған басқа жолаушының абайсыздығынан оның бетіне үстіңгі сөреде тұрған ауыр зат құлап, көзінің тұсын жырып, қабағын жарақаттаған.

«Бұл Flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан болған жағдай. Бордсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не алғашқы көмек жинағы, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ. Менің, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары