«Мырзекең светін өшіріп, есігін жауып кеткен»: Бақыт Сәрсекбаев қазақ боксын жаңартуға көп күш қажет екенін айтты

Ол дәл қазір бокс тізгінін кім қолға алса да, оған оңай болмайтынын атап өтті.

«Мырзекең светін өшіріп, есігін жауып кеткен»: Бақыт Сәрсекбаев қазақ боксын жаңартуға көп күш қажет екенін айтты
Әлеуметтік желі
27726

Бокстан Бейжің Олипиадасының жеңімпазы Бақыт Сәрсекбаев өзін бокстан ұлттық құрама бас бапкері қызметіне лайық көретін жанкүйерлерге алғысын жеткізді.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Ағайын, мені қолдап, бокс басшылығына шақырып жатқандарыңызға үлкен рахмет! Мен бокс туралы жазсам біреудің орнын тартып алайын деп жатыр деп ойбайлайтын хейтерларыма да рахмет! Жазғаным жазған, қоймаймын айта берем!)

 Қазақ боксы басшысыз қалмас, Айтжанов кетсе Сатжанов келер... 

Дәл қазір бокс тізгінін алуға кім келсе де, ол кісіге оңай болмасы анық. Мырзекең светін өшіріп, есігін жауып кеткен боксты қайта жандандыруға өте көп күш қажет. Жаңа команда жасақтап, ескі қалдықтардан құтылу да оңай емес. Не де болса қажымас қайрат, үлкен сәттілік тілейік жаңа басшыға!», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары