Қазақстандық кәсіпкер боксшы Сәкен Бибосыновқа ат мінгізді

Тағы бір боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлына да жылқы мінгізді.

Қазақстандық кәсіпкер боксшы Сәкен Бибосыновқа ат мінгізді
instagram/sakenbibosinov
421

Азамат Аман есімді қазақстандық кәсіпкер Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңіліп қалған боксшы Сәкен Бибосыновқа тұлпар сыйлады.

Бұл жйаында спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазып, алғыс білдірді.

«Азеке, тұлпар үшін рахмет! Сіз бізді әрқашан қолдайсыз, көмегіңізді аямайсыз. Алла пейіліңізге берсін», - деп жазды Бибосынов.

Азамат Аман Париж Олимпиадасында жүлде иелене алмаған тағы бір боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлына да жылқы мінгізді.

«Батырлар, біз үшін чемпионсыңдар. Тұлпарларың құтты болсын!», - деп жазды кәсіпкер желідегі парақшасында.

Серіктес жаңалықтары