1227
«Сарыағашқа келін етіп алғысы келген»: Алматыда екі студентті алып қашпақ болды
Біреуінің аяғы шығып кеткен, ал екінші қыздың қолы жарақаттанған
5 тамыз күні белгісіз жігіттер Алматыдағы жатақхана маңынан екі студентті көлікке отырғызып алмақ болған.
Сөздерінше, оларды Сарыағашқа келін етіп алғысы келіпті. Бірақ қыздар қашып құтылыпты, десе де телефонын сындырып, жарақат алған.
«Қыздар айғайлап, көмек сұрап, ақыры қашып құтыла алды. Бір қыздың телефоны бұзылып қалды. Cол кезде біреуінің аяғы шығып кеткен, ал екінші қыздың қолы жарақаттанған. Қыздар полиция шақырып, бұл жігіттер ұсталды», – деп жазды «Немолчи» қоры.
Алматы полициясы бұл факті бойынша Медеу аудандық ішкі істер бөлімі тексеріс жүргізгенін хабарлады.
«Тергеу барысында олар өздерінің таныстарына қатысты шара қолданбауды сұрап, оларға қатысты талап-арызы жоқ екенін мәлімдеді», – деп қосты полиция.