100 жасағыңыз келе ме? – зерттеушілер бұлжытпай ұстану керек 4 қағиданы атады

Жақында жүргізілген 34 зерттеудің нәтижесінде адамдардың ұзақ өмір сүруіне әсер ететін негізгі 4 фактор анықталды.

100 жасағыңыз келе ме? – зерттеушілер бұлжытпай ұстану керек 4 қағиданы атады
сурет: istockphoto.com
711

Әлемде жүзге жеткен адамдардың саны 2000 жылы 151 000 болса, 2021 жылы 573 000-ға жеткен. Бұл ұзақ жасайтын адамдардың көбейгенін көрсетеді және алдағы жылдары 100 жасқа жететін адамдардың саны арта береді деген үміт бар, деп жазды sciencealert.com. 

Жүз жасағандар, әдетте, созылмалы аурулардан аз зардап шегеді екен. Дегенмен, зерттеушілердің айтуынша, ұзақ өмір сүрудің 60 пайыздан астамы түзетуге болатын факторларға байланысты.

Жақында жүргізілген 34 зерттеудің нәтижесінде адамдардың ұзақ өмір сүруіне әсер ететін төрт негізгі фактор анықталды.

Біріншісі – тұзды азайту. Мысалы, Окинава аралының тұрғындары тұтынатын натрий мөлшері шамамен 1,1 г, бұл ДДСҰ ұсынған тәуліктік нормадан (2 г) әлдеқайда төмен. Окинава аралында 100 жастан асқан жапондық көп.

Екіншісі – дәрі-дәрмектерді аз ішу. 

Үшіншісі – жақсы ұйқы. Жақсы ұйқы ұзақ өмір сүруге және созылмалы аурулардан қорғануға ықпал етеді.

Төртіншісі – ауылдық жерде тұру. Табиғатпен байланыс стрессті азайтып, өмірді ұзартады.

Серіктес жаңалықтары