Нариман Құрбанов: Пәтерге де, көлікке де ақша табамын

Париж Олимпиадасының кей жүлдегерлері пәтер кілтін алып, темір тұлпар тізгіндеп жатқанда, күміс медаль әкелген гимнаст Нариман Құрбанов мұндай марапаттардан құр қалған еді.

Нариман Құрбанов: Пәтерге де, көлікке де ақша табамын
Фото: Сали Сабиров
Автор
Админ
5337

Спортшы осы мәселеге қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Tengri Sport.

«Иә, жұртшылықтың осындай пікірлерін оқып жатырмын. Жанкүйерлеріме осындай қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Бірақ алуым тиіс дүниенің бәрін алатыныма, уақыты келетініне сенімдімін. Қажет болса ақшаны еңбектеніп табамын. Қазіргі өміріме ризамын, бақыттымын»-дейді Нариман.  

Спортшы сый-сыяпаттан құр қалса да, халықтың қошаметіне бөленген.

«Алматыға келгенде камерасын көтерген тілшілер, жанкүйерлер, жақындарым қарсы алды. Қайда барарымды, не істерімді, не айтарымды білмей қалдым. Бірақ кездесу жақсы өтті. Достарым мен туғандарым келді, сондықтан ризамын. Қазір көшеде көрген жұрт танып жатыр. Бәрі жақындап, суретке түскісі келеді. Жанкүйерім көп болмағандықтан әрқайсына уақыт бөліп, асықпай суретке түсемін»-дейді ол.

Айта кетейік, Нариманның әкесі әрі бапкері Хусанжан Құрбанов та 20 жыл өмірін гимнаст ретінде спортқа арнаса, 40 жыл ғұмырын бапкерлікке арнаған.

 

 

Серіктес жаңалықтары