573
Баян Алагөзова қызына не себепті Алиса деп ат қойғанын айтты
Танымал продюсер жақында қызды болған еді. Сәбиіне берген есімі де ерекше. 50 жасында көрген қызын Алиса деп атаған.
Желі қолданушылары есімнің сәтсіз таңдалғанын, қазақ қызына жараспайтынын, тіпті «түлкінің аты» екенін де айтып жатты. Осындай пікірлерден шаршаса керек, продюсер жеке парақшасында жауап берді.
«Тоғыз-он жасар кезімде «Алиса ғажайыптар елінде» мультфильмін көріп қатты әсерлендім. Әсерленгенім сонша кітабын сатып алып оқыдым. Сол кезде болашақта қызым болса, есімін Алиса деп қоямын дейтінмін. Бірақ үлкен екі қызымды туғанда жас болдым, қазақтың салт-дәстүрінен аттай алмадым, үлкендердің сөзіне қарсы шыға алмадым. Бұл есім қазір де анама ұнамайды. Алайда қазір жасым елуге келді. Ешкімнің пікіріне тәуелді емеспін. Тұрсынға да қызымыз болса, есімін Алиса деп қойғым келетінін айттым. Осылайша өзім қалаған есімді қойдым»-дейді Баян Алагөзова.