«Арқан үзіліп кетті»: Астанада аттракциондардың бірінде оқыс оқиға болды

Болған жағдайға қатысты елордадағы орталық саябақтың әкімшілігі пікір білдірді.

«Арқан үзіліп кетті»: Астанада аттракциондардың бірінде оқыс оқиға болды
скриншот
570

Әлеуметтік желіде Астанадағы Орталық саябақта болған жайтқа қатысты видео тарады.

Бейнежазбадан аттракциондағы сымның аяқ астынан үзіліп кеткенін көруге болады, кейін аттракционның шұғыл тоқтату сигналы беріледі.

Видео авторы – аттракционда отырған адамның өзі. Астаналық жігіт пен қыз аттракционда жалғыз отырған. Видеодан қыз бала бір сәтте қобалжи бастағанын аңғаруға болады.

Жігіт аттракционнан түскеннен кейін үзіліп кеткен кабельді көрсетті.

Болған жағдайға қатысты елорданың орталық саябағының әкімшілігі пікір білдірді.

«2024 жылғы 13 тамызда сағат 19:20-да қатты соққан жел аттракцион бағанасына бекітіліп, декоративті жарықтандыруға арналған резеңкеленген әлсіз тоқ сымын үзіп кетті. Аттракцион шұғыл тоқтатылды», – деп мәлімдеді әкімшілік.

Серіктес жаңалықтары