512
Маңғыстау облысында 60 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген
Білім басқармасы жалған құжатпен ұсталған барлық қызметкердің жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді.
Маңғыстау облысының Білім басқармасы білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің дипломдарына мониторинг жүргізіп, 60 мұғалімнің жылдар бойы жалған дипломмен жұмыс істегенін анықтаған.
«Ұстаздардың дипломдарын анықтау үшін жоғары оқу орындарына, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына сұрау жолданды. Сонымен қатар сот органдарына мұғалімдерге жұмыс істеген уақытында төленген бюджет қаражатын қайтару туралы шағым жіберілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр»-делінген хабарламада.