Қызылордада сыныптастары саудалаған 16 жастағы қыздың қызметі үшін мыңнан астам аударым жасалған

Қызылордада сыныптастары саудалаған 16 жастағы қыздың қызметі үшін мыңнан астам аударым жасалған
istockphoto.com
Автор
Админ
869

Анасының айтуынша қызы 10 сыныптан бастап сыныбында бірге оқитын қызбен достасқан. Бірге уақыт өткізген. Бұл туралы «НеМолчиKZ» қорының баспасөз-конференциясында айтылды.

«Сол құрбысы мен басқа да сыныптастары қызымызды сұрап алатынды шығарды. Басында біз қарсы болдық. Олар бізді «бәрі жақсы болады» деп сендірді. Қаңтарда қызымның телефонын тартып алып, өзін жеңіл жүрісті қыздарға арналған сайтқа тіркеген. Содан кейін «мас кезіңде киім ауыстырғаныңды, жалаңаш тұрғаныңды видеоға түсіріп алдық» деп бопсалай бастаған. Бастапқыда қызым қорыққан. Ақпанда қызым үйге де келіп, мектепке де барып жүрді.  Кейін сыныптастарының тәбеті арандай ашылып, қызым күндіз де, кешке де клиент қабылдайтын болған. Ақшаны аудармай, бес минут кешіктірсе сабаған»-дейді анасы.  

Полиция ер-азаматтар жасаған аударымдарды анықтады. Мыңнан астам аударым жасалған көрінеді. Бұл істі ұйымдастырушылар ай сайын 3 млн теңге тауып отырған. «НеМолчиKZ» қорының негізін салушы Дина Таңсәрі қызды бірінші болып ҰҚК қызметкері зорлағанын айтты.

Серіктес жаңалықтары