Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі тағайындалды

Қазақстан боксында кадрлық өзгерістер болды.

Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі тағайындалды
Сурет: Азаттық рухы
779

Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді. Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді, деп хабарлады turkystan.kz.

"ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитет мақұлдаған Қазақстан бокс федерациясының шешімі бойынша бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, сондай-ақ ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды", - делінген хабарламада.

Ақпаратта Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалғаны да айтылған.

Серіктес жаңалықтары