Ертең Астанада бұршақ жауады

14 тамыз күні елордада қандай ауа райы болатынына болжам жасалды.

Ертең Астанада бұршақ жауады
Сурет: www.istockphoto.com
420

Синоптиктер Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтары үшін маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК деректері бойынша Астана қаласында 15 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады және оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін екенін хабарлайды", - делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, бірнеше күн бұрын Астанада ірі бұршақ жауып адамдар мен техникаларға зардап шеккен болатын.

Серіктес жаңалықтары