«Ата-анаға келінінен сөз есту қандай қиын»: танымал әзілкеш келіншегінің айыптауына жауап берді

Белгілі жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы ата-енесінің түртпегіне шыдамай ажырасқанын мәлімдеген еді.

«Ата-анаға келінінен сөз есту қандай қиын»: танымал әзілкеш келіншегінің айыптауына жауап берді
Әлеуметтік желі
Автор
Админ
629

Араларында екі бала бар. Әзілкеш те қарап қалмады. Бұрынғы жұбайының айыптауына желідегі парақшасында жауап берді. Айтуынша келіншегі айтқан ақылға тоқтамаған, бала үшін отбасын сақтайық дегенге көнбеген.

«Ауылдан ата-анамды қалаға алып келіп, қанша ғұмыры қалды дейсің жағдайын жасам немерелерінің алдында мәз болып жүрсін деп едім. Өздері қалаға үйренісе алмай жүргенде келінінен сөз есту қандай қиын десеңші. Екі ортада қалып қойсамда әліптің артын бағып түзелер десемде, енді мені жамандап әлек әлуметтік желіде. Үй болған соң ыдыс аяқ сылдырамай тұрмайды деп жылы жауып қоя салатындай емес. Жәннатқа жету жолын ерін ата-анасының разылығына, әйелінің жәннатын ерінің разылығына байлап қойған жопқа. Дүние ақша дегенге ешкім жеткен емес, отбасың ойран болып жатса ешнәрсе де керек емес. Ақылға көнейік бізден басқа балапандарымызға кім ата-ана бола алады деген нәрсені де тыңдаған жоқ. Өзі барып арыз беріп, өзі алимент төлетемін деп тартып қалды. Балалар дегенде ет жүрегім езіліп кетердей әкелік махаббатымды быт-шыт қылды. Бізде бәрі болды махаббат да сезім де, үйде ақша да.. тек кешірші менің қателігімді деген иілу болмады»-деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары