Инфляция, баспананың қолжетімсіз болуы жастарды саяхаттауға итермелейді – зерттеу

Олар бұлыңғыр болашаққа ақша жинаудың қажеті жоқ деп сеніп, ақшасын саяхат, сән-салтанат пен қызыл-жасыл дүниеге құртады.

Инфляция, баспананың қолжетімсіз болуы жастарды саяхаттауға итермелейді – зерттеу
сурет: istockphoto.com
627

Инфляция, жоғары пайыздық мөлшерлеме, тұрғын үйдің қолжетімді болмауы жастарды үнемі саяхаттауға итермелейді. herzindagi.com-да жарияланған зерттеуде осындай тұжырым айтылған.

Инфляцияға, жаһандық дағдарыстарға және өсіп келе жатқан қарызға қатысты алаңдаушылықты жеңуге тырысып, кей жастар назарын басқа жаққа бұруға тырысады. Олар бұлыңғыр болашаққа ақша жинаудың қажеті жоқ деп сеніп, ақшасын саяхат, сән-салтанат пен қызыл-жасыл дүниеге құртады. 

Қаржы сарапшылары осынау "дәл қазіргі сәтте өмір сүру" тәсілі "қазір сатып ал, кейін төле" опцияларына байланысты жастардың өмір бойы қарызға батып, қаржылық тұрақсыздыққа тап болуына апарып соғуы мүмкін екенін ескертеді.

 

Серіктес жаңалықтары