Артық жұмыс, аз жалақы инсульт алу қаупін 87%-ға арттырады – зерттеу

18 жыл бойы жүргізілген зерттеу нәтижесі көп жұмыс істеудің зиянын көрсетті.

Артық жұмыс, аз жалақы инсульт алу қаупін 87%-ға арттырады – зерттеу
сурет: istockphoto.com
801

Артық жұмыс, істеген жұмыстың жалақыға сәйкес келмеуі жүрек-қан тамыры ауруларына шалдығу қаупін 2 есе арттырады. ahajournals.org сайты 18 жыл бойы жүргізілген зерттеу нәтижесін жариялады.

5 926 адам (3021 әйел және 2905 ер адам) орташа есеппен 18 жыл бойы жүрек‐қан тамырлары ауруларына байланысты бақылауда болған.

Жұмыс жүктемесі көп болуы инсульт алу қаупін 87%-ға арттырады, ал егер жалақы аз болса, оған тағы 44% қосылады екен.

Жұмыстағы психоәлеуметтік стресске бағытталған зерттеу жұмыс орнындағы жүктемені азайту үшін тиімді болуы мүмкін, - дейді зерттеу авторлары.

Серіктес жаңалықтары