«Ордабасы» еурокубок ойындарынан шығып қалды

Арменияның Ереван қаласында өткен матчта қазақстандық клуб жергілікті командадан жеңіліп қалды.

«Ордабасы» еурокубок ойындарынан шығып қалды
372

Шымкенттік "Ордабасы" конференциялар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жауапты кездесуінде  "Пюникпен" ойнады, деп хабарлады turkystan.kz.

Матчты шымкенттіктер белсенді түрде бастаған, бірақ содан кейін олардың қарсыластары алаңға иелік ете бастады. Алайда бірінші тайм тең аяқталды. Ал екінші таймда   "Пюникпен" футболшысы Юсуф Отубанджо кездесудегі жалғыз голды соқты. 

Осылайша, екі мачта да қарсыласын жеңе алмаған «Ордабасы» еурокубок ойындарынан шығып қалды.

Серіктес жаңалықтары