Шымкентте әскерге шақырылған жігіт терезеден секіріп кеткен

Жігітті көлікке күштеп отырғызып, қабылдау пунктіне апарған.

Шымкентте әскерге шақырылған жігіт терезеден секіріп кеткен
Time.kz
562

Шымкентте әскерге шақырылған жігіт әскери комиссариаттың терезесінен секіріп кеткен. Бұл туралы Время басылымы жазды.

Түркістан облысы Төлеби ауданы, Тағайна ауылының 18 жастағы тұрғыны Бехруз Равшанбековті Шымкент қаласына әжесімен кездесуге келгенде көшеде әскерилер кездесіп, “әскерге шақырылушы” ретінде әскери комиссариатқа алып кеткен. Жігітті көлікке күштеп отырғызып, қабылдау пунктіне апарған. Сол жерде жігіт әскери комиссариаттың терезінен секіріп кеткен. 

Бехруздың айтуынша, жолда әскерилер оны әскерге шақырудан босату үшін ақша сұрай бастаған. Әуелі 500 мың теңге, кейін 800 мың теңге сұраған. Бехруздың әкесі Авазбек Ғайнанов та әскери комиссариат қызметкерлерінің ұлын босату үшін ақша сұрағанын айтты.

Қазір әскери тергеу бөлімі әскери комиссариат қызметкерлерінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалануы бойынша істі тексеріп жатыр. Ал қалалық қорғаныс департаменті өзінің іскерлік беделін қорғау үшін зардап шеккен жігіттің әкесінің үстінен сотқа шағым түсірген.

Жәбірленушінің әкесіне қатысты сотқа арыз берген Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің шағымында Ғайнанов жауапкер ретінде іскерлік бедел мен абыройға нұқсан келтірді деп айыпталып, оның сөздері шындыққа жанаспайтыны айтылған. Талап арызды Төлеби ауданының аудандық соты қабылдады. Алайда бірнеше сот отырысынан кейін департамент талап арызынан бас тартты.

Ал әскери тергеу басқармасы үш ай бойы «қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану» бабы бойынша қозғалған істің мән-жайын тергеп жатыр. Алайда Бехруздың адвокаттары істің басқа қылмыстық бап бойынша тергелуі керек екенін атап өтті.

«Жігітті ұстаған және оны іс жүзінде бас бостандығынан айырған қызметкерлердің іс-әрекеті "адам ұрлаумен байланысты емес заңсыз бас бостандығынан айыру" бабы бойынша қызмет бабын пайдаланып, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында жасалған қылмыс болып есептеледі. Барлық белгілер бар, біз оны дәлелдейміз», – деді заңгер Евгений Яворский.

Бұл оқиғадағы ең қызығы, Бекруз Равшанбеков әскерден жалтарушы ретінде іздеуде болмаған, оған шақыру қағазы мүлдем келмеген, өйткені ол кезде 18 жастағы жігіт Төлеби ауданында да, Шымкент қаласында да тұрғылықты жері бойынша әскери есепте тұрмаған. 

 

Серіктес жаңалықтары