505
ТЖМ ата-аналарға маңызды ескерту жасады
Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі барлық ата-анаға маңызды ескерту жариялады.
Құрметті ата-аналар, балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алуға арналағн қарапайым сақтық ережелерін сақтайық! – делінген хабарламада.
Ол үшін қарапайым сақтық шараларын есте ұстаған жөн:
- терезеге темір торды арнайы талаптарға сай орнату қажет яғни, өрт кезінде ғимараттан шығаруға оңай ашылатындай етіп қарастыру. Тор шыбықтарының арақашықтығы бала басы симайтындай (10 см-ден аспауы тиіс) орнату;
- іштен ашылатын немесе жылжымалы торларды балалардың ашпауы үшін, арнайы бекіткіштер орнату;
- үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмау;
- жиһаздарды терезе жанынан алшақ қою;
- балконға ересектерсіз шықпауы туралы балаға түсіндіру, қадағалау;
- терезені, іштен ашылатын және жылжымалы торлардың ашу тәсілдерін балаға көрсетпеу, үйретпеу;
- балаларға сақтық шараларын ұдайы үйрету және түсіндіру;
- ешқашан ұйықтап жатқан баланы жалғыз қалдырмаңыз, себебі бала оянғанда терезеге қарай ұмтылуы мүмкін;
- баланы терезе алдына мінгізбеңіз, ұдайы қолыңызда ұстап тұрыңыз.