«Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды

Ол 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырған.

«Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды
instagram/jetisufk
585

 

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д. М. Иманқұловқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, делінген Антикор хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары