787
Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Нұрлан Ақүрпеков лайық – Бақтияр Артаев
Нұрлан Ақүрпеков – Бақтияр Артаевтың алғашқы бапкері.
Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев алғашқы жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековті бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ұсынды
«Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне дәл қазіргі кезде Нұрлан Ақүрпеков лайық», - деп жазды Бақтияр Артаев Instagram-дағы парақшасында.
Нұрлан Ақүрпеков – Бақтияр Артаевтың алғашқы бапкері. Ол Артаевты 11 жасынан бастап боксқа баулып, жеке жаттықтырушысы да болды. Сондай-ақ бапкер Олжас Сәттібаев, Ғани Жайлауов, Әбілхан Аманқұл және тағы да басқа танымал боксшыларды жаттықтырған.
Еске сала кетейік, 14 тамызда бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметінен босатылған еді.