460
Балқаш көлінің жағасында бір топ адам уланды
Балқаш көлінің жағасында орналасқан қымбат демалыс орындарының бірінде демалушылар жаппай уланды.
14 адам ауруханаға медициналық көмек алу үшін жүгінген. Оның 9-ы жас бала. Олардың температурасы көтеріліп, іші өткен.
«Балқаш көп профильді ауруханасының инфекциялық бөлімшесіне 14 адам (5 ересек, 9 бала) түскен. Пациенттердің жағдайы орташа ауыр. Олар тексеруден өтіп, ем тағайындалған. Ауруханаға жатудан бас тартқандықтан, қарқынды бақылау палатасына орналастырылды»-делінген Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хабарламасында.
Демалушылардың айтуынша қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы төмен, санитарлық талаптарға сай келмейді.