«Ұрып, тістеп алған»: Алматыда ер адам әйел жүргізушіге күш көрсетпек болған (ВИДЕО)

Алайда өзге азаматтар әйелге араша түскен.

«Ұрып, тістеп алған»: Алматыда ер адам әйел жүргізушіге күш көрсетпек болған (ВИДЕО)
скриншот
423

Желіде алматылық  ер адамның з көлігімен әйел жүргізушінің көлігін соғып, кейін оны ұрып-соқпақ болған бейнежазбасы тарады.

Алайда бейнежазбадан өзге азаматтардың әйелге араша түскенін көруге болады.

«Рысқұловтағы Магнум автотұрағы. Қызды әрең арашалап қалдық, ұрып, тістеп алған», – делінген бейнеролик астындағы жазбада.

Қалалық полиция департаменті қазіргі таңда тергеу жүріп жатқанын айтты.

«Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады», – деп хабарлады департаментің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары