413
ШҚО-да жүктілік жайлы жалған анықтама жасаған келіншек қамалды
Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданының прокуратурасы жүктілік жайлы жалған анықтама жасау және оны қолдану фактісін анықтады.
Аудандық ауруханада гинеколог дәрігердің қасында фельдшер болып жұмыс істеген келіншек өзінің жүктілігі туралы анықтама жасап алып, оны әкімшілік қамаудан құтылу үшін сотта пайдаланған.
«Бірінші инстанциядағы сот актісі аудан прокуратурасының өтініш хатының негізінде өзгертіліп, К. есімді азаматша 20 тәулікке қамалды»-делінген прокуратура хабарламасында.
8 тамызда сот келіншекті кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.