Данияр Елеусіновтің шаршы алаңға қашан шығатыны белгілі болды

Алайда Елеусіновтің қарсыласы әлі белгісіз.

Данияр Елеусіновтің шаршы алаңға қашан шығатыны белгілі болды
instagram.com/yeleussinovdaniyar
509

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қыркүйек айында Алматы қаласында өтетіні белгілі болды. Бұл туралы All Stars Boxing компаниясы хабарлады.

«All Stars Boxing кешінің басты жекпе-жегінде қазақ боксшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, әлем чемпионы және Олимпиада чемпионы – Данияр Елеусінов өнер көрсетеді», - делінген  хабарламада.

Жекпе-жек 28 қыркүйекте Алматы қаласындағы «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді. Алайда Елеусіновтің қарсыласы әлі белгісіз.

Айта кетейік, бұл кеште тағы бір қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров IBO және WBA Gold нұсқасы бойынша әлем чемпионы атақтарын қорғау үшін рингке шығады.

Серіктес жаңалықтары