Бельгияда ашық хаттар қайтадан сәнге айнала бастады

Brussels X сұрыптау машиналары сағатына 25 000-нан 30 000-ға дейін хат-хабарды өңдей алады.

Бельгияда ашық хаттар қайтадан сәнге айнала бастады
сурет: istockphoto.com
778

Бельгиялықтар, елдің пошта қызметі атап өткендей, жыл өткен сайын хат жолдауды азайтып барады. Дегенмен, ел халқы ашық хат жіберуді жиілеткен.

Бельгияның пошта қызметі жазбаша хат-хабарлардың тұрақты түрде азайып жатқанын айтады. Дегенмен, ашық хаттар әлі де өз тартымдылығын сақтап келеді.

"Ашық хаттар - бұл белгілі бір дәрежеде ретро-объект. Расында, менің бала-шағам ашық хаттарды жиі сатып алмайды, бірақ біз оларды аламыз. Бұл - сақтап қоятын физикалық зат. Ашық хат - оны алатын адам үшін естелік," - дейді Брюссельдегі кітап дүкендерінің біріндегі сатып алушы.

Оған бір қыз қосылып: "Мен үшін белгілі бір сәтті есімде сақтап, оны басқа адаммен бөлісу өте маңызды. Иә, бұл мен үшін шынымен эмоцияларды жеткізудің бір құралы, балалық шақ естеліктеріне оралу сияқты", - дейді.

Ашық хаттардың мекенжайға жетуі көбінесе компьютерлер мен алдыңғы қатарлы технологияларға байланысты. Brussels X сұрыптау машиналары сағатына 25 000-нан 30 000-ға дейін хат-хабарды өңдей алады.

Bpost өкілі Матье Годефруа: "Бельгияның пошта қызметінде біз ашық хаттар мен кәдімгі пошта, мысалы, хаттар арасында статистикалық айырмашылық жасамаймыз. Бірақ жыл сайын 5-10% төмендеу байқалады. Өткен жылы төмендеу 8,4% құрады," - дейді.

Серіктес жаңалықтары