"Біз ойлағандай қауіпті емес": Қанттың зияны туралы 3 қауесет

Тіпті, аз мөлшерде қант тұтыну ағзамыздың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.

"Біз ойлағандай қауіпті емес": Қанттың зияны туралы 3 қауесет
сурет: istockphoto.com
739

Америкалық ғалымдар тәттінің денсаулыққа біз ойлағандай қауіпті емес екенін анықтады. Тіпті, аз мөлшерде қант тұтыну ағзамыздың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Сонымен, қанттың зияны туралы жалған ақпараттың біразына тоқталып өтеік.

Миф №1: Тәтті қант диабетіне шалдықтырады.

Шын мәнінде, тәтті тұтыну қант диабетін тудырмайды. Бұл ауру тұқым қуалаушылық немесе ұйқы безінің проблемаларына байланысты дамиды. Қанттың өздігінен қауіпті екені жай ғана маркетингтік тәсіл. Шын мәнінде, адам күніне 12 қасық қант жесе де, бұл денсаулыққа зиян келтірмейді.

Миф №2: Тәттіге тәуелділік бар.

Ғалымдардың пікірінше, тәттіге тәуелділік кокаинге қарағанда әлдеқайда күшті деген пікір  негізсіз. Себебі адам кенеттен кәмпит жеуді тоқтатса, оның есірткіге тәуелді адамдардағыдай ауырсыну сезімдері болмайды. Жалпы, адам қантсыз өмір сүре алмайды: бұл көмірсу өмір сүру үшін қажет.

Миф №3: Жас болып көріну үшін тәттіден бас тарту керек.

Қантты шамадан тыс тұтынғанда, коллаген талшықтары қатайып, тері салбырауы мүмкін. Алайда, тәттіден мүлдем бас тарту да дұрыс емес: глюкоза жетіспесе, тері құрғауы мүмкін. Ең бастысы – ағзаңызды тыңдап, оған қажет мөлшерде глюкоза тұтыну.

Серіктес жаңалықтары