ҰҚК шекарада жиналған адамдарға қатысты видеоға түсінік берді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті желіде тараған видео бұрынғы екенін хабарлады.

ҰҚК шекарада жиналған адамдарға қатысты видеоға түсінік берді
скриншот
422

Egov.pres телеграм-арнасында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында адамдардың жиналғаны туралы ақпарат тарады. ҰҚК бұл ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Nur.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында тағы да у-шу. Дала ыстық, қарттар мен кішкентай балаларға обал. Мұндай жағдай бірінші рет емес», - деп жазған бейнежазба авторы.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті желіде тараған видео бұрынғы екенін хабарлады. Ведомство қазір адамдар жиналмайтынын, барлығы штаттық режимде жұмыс істейтінін айтты.

Айта кетейік, Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында адамдар жиналған видео маусым айында байқалған еді.

Серіктес жаңалықтары