Күйеу баласы енесінің атына 6 млн теңге несие рәсімдеген

Енесі бұл жайлы коллекторлардан естіген.

Күйеу баласы енесінің атына 6 млн теңге несие рәсімдеген
Автор
Админ
511

Степногорск қаласында күйеу баласы енесінің атына 6 млн 385 мың теңге онлайн-несие рәсімдеген. Коллекторлар кейуананың ұлына хабарласып, несиенің үстеме ақысы өсіп жатқанын хабарлаған. Зардап шегуші полицияға жүгінген. Құқық қорғаушылар несиені күйеу баласының рәсімдегенін анықтады. Біраз уақыт бұрын күйеу баласы банк қосымшасының паролін сұраған көрінеді. Қазір күдіктіге қатысты «Алаяқтық» бабымен тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары