«Үйіме шақыруға қынжылатынмын»: Дина Төлепберген 20 жыл бұрын тұрған пәтерін көрсетті

Танымал тележүргізуші бала күнінде тұрмыстарының төмен болғанын айтты.

«Үйіме шақыруға қынжылатынмын»: Дина Төлепберген 20 жыл бұрын тұрған пәтерін көрсетті
649

Дина Төлепберген Шымкенттегі қаласына барған сапарында өзі тұрған ауданды аралап шықты, деп жазды turkystan.kz.

«Шымкент. 1 бөлмелі суық пәтер… Кішкентай кезімде достарыма пәтерімді, үйімді көрсетуге қынжылатынмын. Себебі тұрмыстың төмендігін көріп, араласатындар алшақтайды деген қорқыныш болған еді. Мектеп кезімде осы үйіме жақын құрбым келді. Ол не айтады, үй-жағдайымды көріп қашқақтай ма, деген ой болды. Бірақ, жоқ… Келесі күні оның маған қарым-қатынасы баяғы қалпында қалды. Мен сол кезде нағыз құрбы, нағыз жанымды түсінетін дос екенін ұғындым. Әзір де екеуміз сыр сақтамас құрбымыз. Сізге де құлаққағыс қалтаңызға, киіміңізге, үйіңізге қарап араласатын адамдар болса алшақтаңыз. Нағыз дос, нағыз жанашыр жоқшылыққа да, тоқшылыққа да қарамайды. Мінекей, араға 20 жыл салып, бұрын тұрған ыстық пәтерге келдім. Ешкім жоқ. Есесіне көріспеген көршілеріммен қауыштым», - деп жазды тележүргізуші.

Серіктес жаңалықтары