«Жаңа бастамалар күтемін»: Экс-министр Асхат Аймағамбетов жергілікті биліктің құзыреті жайлы айтты

Ол «Тамыз кеңесіне» асыға күткен.

«Жаңа бастамалар күтемін»: Экс-министр Асхат Аймағамбетов жергілікті биліктің құзыреті жайлы айтты
475

Асхат Аймағамбетов Алматы қаласының «Тамыз кеңесіне» арнайы барып қатысты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Тамыз кеңестері» басталғанда, жаңа жыл қарсаңындағыдай бір ерекше сезімге бөленемін. Бұл салада қазір жұмыс істемесем де, осы кезеңде сондай бір көңіл-күйде болып, іштей жақсы жаңалықтар мен жаңа бастамалар күтемін. Бүгін Алматы қаласының «Тамыз кеңесіне» арнайы барып, көптеген әріптестерімді кездестіріп, жаңа жоспарларын тыңдадым.
Алматыда ауыз толтырып айтатын жұмыстар атқарылып жатыр. Қала әкімдігі мазмұн мәселелеріне көңіл бөліп: мектеп басшыларын оқыту, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, заманауи тәжірибені енгізу сияқты маңызды сұрақтармен айналысуда. Бұған қоса, “Мектеп автобустары” жобасы, робототехниканы қолдау, цифрландыру, материалдық-техникалық базаны жаңарту сияқты бағыттар бойынша да біршама жұмыс жүргізілуде», - деп жазды экс-министр.

Сондай-ақ ол басқа өңірлерде де бірте-бірте осындай жұмыс жүргізіледі деп үміттенетінін айтты.

«Біздің қоғамда мектеп, колледж бен балабақшадағы барлық мәселе министрліктен сұралады, бірақ шын мәнінде осындай мәселелерді шешу бойынша билік әкімдіктерде. Білім туралы заң бойынша әкімдіктер қаржыландыру, мектеп салу, жөндеу мен тағайындау сияқты мәселелерге жауапты. Ал министрлік білім беру бойынша саясатты қалыптастырады, ал оны жүзеге асыру, қаржылай қамту мен орындау — жергілікті биліктің құзыретінде», - деді Асхат Аймағамбетов.

 

 

Серіктес жаңалықтары