Жапония жағалауында жойқын жер сілкінісі тіркелді

Адамдардың қаза тапқаны және ғимараттардың қирағаны жайлы ақпарат жоқ

Жапония жағалауында жойқын жер сілкінісі тіркелді
Ашық дереккөз
1106

Изу аралының жағалауында магнитудасы 5,2 балл жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі 122 мыңға жуық адам тұратын Кисарадзу қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 396 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 10 мың шақырым.

Адамдардың қаза тапқаны және ғимараттардың қирағаны жайлы ақпарат жоқ. Цунами қаупі жарияланбады.

Серіктес жаңалықтары