Астана әуежайы екі сағатқа жабылды

Ұшақ жолаққа сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен ұшақ жолақтан сырғып кеткен

Астана әуежайы екі сағатқа жабылды
gov.kz
490

Бүгін сағат 16:00-де Boeing 777-300ER (борт нөмірі HBJNI) ұшағымен Токиодан Цюрихке ұшқан Swissair SWR161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонды. Себебі ұшақта 50 жастағы жолаушыда инсульт болған.

Ұшақ жолаққа сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен ұшақ жолақтан сырғып кеткен. 

Осыған байланысты сағат 16:03-те апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дабылды ескерту жарияланды.

Астана әуежайы екі сағатқа барлық рейстер үшін уақытша жабық. Осының салдарынан тұрақты рейстердің кешігуі күтілуде.

Серіктес жаңалықтары