Ақтөбеде жол апатынан үш адам қаза болды

Мәлімет бойынша, жедел жәрдем бригадасы екі адамның өлімін тіркеді

Ақтөбеде жол апатынан үш адам қаза болды
istockphoto.com
1015

Ақтөбе - Атырау тасжолының Алға ауданы аумағында жол апаты болды. Оқиға орнында «ВАЗ-2115» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы көз жұмды, деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мәлімет бойынша, жедел жәрдем бригадасы екі адамның өлімін тіркеді. Алға аудандық ауруханасына 4 адам жеткізілді.

2018 жылы туған бала жабық бас-ми жарақатын алған. Жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Көлік ішінде болған 16 жастағы бозбаланың да жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Сонымен бірге 13 жастағы жасөспірім де жарақаттанды. Ашық бас ми жарақатымен түскен бала жансақтау бөлімінде көз жұмды. 35 жастағы ер адам да дәл сондай жарақат алған. Тағы бір адам дәрігерге қаралудан бас тартты, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 16:20-да болды. Алға ауданының Бестамақ ауылы маңында «ВАЗ-2115» және «ГАЗель» автокөліктері соқтығысты.

Жол-көлік апаты кезінде «ВАЗ-2115» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушы көз жұмды. Жасөспірім ауруханада қайтыс болды. Осы көлік ішінде болған үш жолаушы ауруханада жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жарақат алғандардың жағдайы тұрақталған соң олар облыс орталығындағы ауруханаға жеткізіледі.

Серіктес жаңалықтары