Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Олар жартылай финалда Диана Шнайдер мен Линда Носкованы 6:3, 6:4 есебімен жеңді

Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты
ktf.kz
594

Канадалық Лейла Фернандеспен жұптасқан қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалына шықты.

Олар жартылай финалда ресейлік-чехиялық дуэт Диана Шнайдер мен Линда Носкованы 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, финалда Юлия америкалық Эйджа Мухаммад пен жаңа зеландиялық Эрин Рутлиффпен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары