Астанада тұрғын өзі жалдап тұрған пәтердің мүлкін ломбардқа өткізіп, қашып кеткен

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы аудандық ПБ қызметкерлері елорданың 25 жастағы тұрғынын анықтады

Астанада тұрғын өзі жалдап тұрған пәтердің мүлкін ломбардқа өткізіп, қашып кеткен
Primeminster.kz.
614

Астанада пәтерін жалға берген үй иесі тұрғындардың әрекетінен шығынға ұшырады, деп жазады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша, бір жас қыз оның пәтерін 6 ай бойы жалға алған. Бастапқы 4 айында жалдау ақысын уақтылы төлеп отырған. Содан кейін қаржылай қиындықтар туындағандықтан, үй иесі төлемді уақытша кейінге қалдыруға рұқсат берген. Алайда қаскүнем қыз сенімді пайдаланып, пәтер иесінің теледидары мен үтігін ломбардқа өткізіп, артынша байланысын үзген.

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы аудандық ПБ қызметкерлері елорданың 25 жастағы тұрғынын анықтады.

Астана қаласының полиция департаменті жалға пәтер берушілерге жалға беру шартын толтыру кезінде мұқият болуды ұсынады.

Серіктес жаңалықтары