Зардап шеккендер бар: Адамдар мінген аттракционнан өрт шықты

Өрт салдарынан төрт адам ауыр күйік алған

Зардап шеккендер бар: Адамдар мінген аттракционнан өрт шықты
ridus.ru
980

Германияда фестиваль барысында айналмалы дөңгелек өртенді.

Өрт Лейпциг маңындағы Штермталь көлінде өтіп жатқан Хайфилд фестивалінде болған. Кешкі сағат тоғыздар шамасында аттракцион қосылғанда бір кабина өртеніп бастағаан. Қызыл өрт екінші кабинаға да тарап, адамдар даурыға бастады. Өрт кезінде айналмалы дөңгелек ішінде адам толы болған.

Өрт салдарынан төрт адам ауыр күйік алған. Ал 2 адам өрт шыққан кезде кабинадан құлап жарақат алды. Одан бөлек 18 адам көмірқышқыл газынан уланып, зардап шеккен.

Серіктес жаңалықтары