Үкімет елдегі бизнесті қолдау шараларын қайта қарады

Қызмет көрсету саласындағы жобаларды субсидиялау мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды.

Үкімет елдегі бизнесті қолдау шараларын қайта қарады
Үкімет
1374

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға арналған кешенді бағдарламаны әзірлеп, қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

  • Қызмет көрсету саласындағы жобаларды субсидиялау мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды. 
  • Несиелер бойынша кепілдіктер сомалары ұлғайтылды, бизнес субъектілеріне 1 млрд теңгеден асатын несие сомаларына нарықтық шарттар бойынша кепілдік алу мүмкіндігі берілді.
  • Бұған қоса, бағдарламада мемлекеттік қолдаудың баламалы құралы ретінде синдикатталған несиелеу қарастырылған, ол бір мезгілде бірнеше банк арқылы 15 млрд теңгеге дейін ірі жобаларды қаржыландыруды көздейді.
  • Облигациялық қарыздар беру шарттары едәуір кеңейтілді. Мәселен, эмитент-кәсіпкер облигация шығару кезінде купондық сыйақы мөлшерлемесіне субсидия алып, 5 жыл мерзімге дейін 6% мөлшерлемемен 5 млрд теңгеге дейін қаржыландыруды тарта алады.
  • Биылғы 6 айда жаңартылған бағдарлама аясында субсидиялар мен кепілдіктер түріндегі қолдау шараларымен Қазақстанда шамамен 14 мың бизнес жобасы қамтылды: субсидиялау бойынша – 566 млрд теңгеге 8 624 жоба, кепілдік беру бойынша – 178,9 млрд теңгеге 5 381 жоба.

Аталған тетіктер бизнесті мақсатты әрі тиімді қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары