381
Көп балалы отбасылар 275 млрд теңге жәрдемақы алды
Жыл басынан бері 583,4 мың көп балалы отбасы 274,8 млрд теңге жәрдемақы алған.
Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады.
Бұл жәрдемақыны 4 және одан көп баласы бар отбасылар ала алады.
2024 жылғы жәрдемақы мөлшері:
4 балаға – 59 183 теңге;
5 балаға – 73 988 теңге;
6 балаға – 88 793 теңге;
7 балаға – 103 598 теңге;
8 және одан көп балаға – әр балаға 14 768 теңге.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7% өскен. Биыл көп балалы отбасылардың жәрдемақысына 474,8 млрд теңге қарастырылған.