Павлодарлықтардан 223 млн теңге жымқырған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Ол өткен жылдың желтоқсан айында Ресей Федерациясы Адыгея Республикасының аумағында ұсталған

Павлодарлықтардан 223 млн теңге жымқырған күдікті Ресейден экстрадицияланды
www.istockphoto.com
407

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген азамат Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды turkystan.kz Қазақстан Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Күдікті Павлодарда 2019-2023 жылдар аралығында таныстарынан бизнесті дамыту үшін ақша алып, кепілдік ретінде өзіне тиесілі емес пәтерді ұсынған. Оның қылмыстық әрекеттері салдарынан Павлодар қаласының 66 тұрғынына жалпы сомасы 223 млн теңгеден аса шығын келтірілді. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, соған байланысты олхалықаралық іздеуге жарияланған.
Ол өткен жылдың желтоқсан айында Ресей Федерациясы Адыгея Республикасының аумағында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас пракуратурасының өтініші бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас

Серіктес жаңалықтары