Қайрат Сәтжанов: Қазақстанда өтетін сайыстарды әділ өткізу керек

Бокстан Қазақстанның бас бапкері Қайрат Сәтжанов жаңа қызметіне кірісіп, алдағы жоспарлары жайлы айтты.

Қайрат Сәтжанов: Қазақстанда өтетін сайыстарды әділ өткізу керек
фото: olympic.kz
Автор
Админ
553

«Бүгінгі таңда Қазақстан боксында бірқатар проблема бар екенін көріп отырмыз. Оны бәріміз Париж олимпиадасында көрдік. Мұның негізгі себебі – жаттығу жоспарының дұрыс жасалмауы, командалар арасында оқу-жаттығу жиындарының өткізілмеуі. Алға үлкен жоспар құрдық. Жасөспірімдерге, жастарға және ұлттық құрамаға бірдей көңіл бөлу керек. Содан кейін Қазақстанда өтетін сайыстардың маңызын арттыру қажет. Ол жарыстар әділ өтуі және бірыңғай жүйеге сай болуы керек»-дейді бас бапкер.

Айта кетейік, Қайрат Сәтжанов Мырзағали Айтжановтың орнына тағайындалған болатын.

 

 

Серіктес жаңалықтары