"Басқалар сияқты есік алдында отырғым келмейді": Ресейде 75 жастағы зейнеткер IT мамандығына оқуға түсті

Бұған дейін оның IT саласынан хабары болмаған, тіпті компьютерді де енді үйреніп жүр.

"Басқалар сияқты есік алдында отырғым келмейді": Ресейде 75 жастағы зейнеткер IT мамандығына оқуға түсті
сурет: СФУ / t.me, Артем Ленц / NGS24.RU
910

Ресейдің Красноярск қаласында 75 жастағы зейнеткер IT мамандығына оқуға түсті. Бұл туралы vg-news.ru жазды.

 

Қала тарихындағы ең қарт студент биыл күзде сабақ оқуды бастайды. 75 жастағы Виктор Краус Сібір федералдық университетінде IT мамандығын меңгермек. Зейнеткердің бұрынғы білімі – техникум. Виктор Краус оны 50 жыл бұрын тәмамдаған, бірақ жарты ғасырдан кейін қайтадан студент болуға шешім қабылдапты. Оның жұбайы «Сапа» жергілікті басылымына берген сұхбатында, жолдасы басқа әжелер мен аталар сияқты орындықта отырғысы келмейтінін айтты.

"Мұндай жаста оқығанды қайдан шығардың?" – дедім. "Бірақ мен бәрібір оқимын, басқа әжелер мен аталар сияқты орындықта отырғым келмейді деді", – деді студенттің жұбайы Валентина Кузнецова.

Университетке түсу Виктор Владимирович үшін үлкен сынақ болған. Ол алдымен бітіруші түлектермен бірге мемлекеттік емтихан тапсырған, одан кейін университеттің ішкі емтиханынан өткен. Түсу үшін қажет балл жинай алмаса да, оған мүмкіндік беріліпті. Сібір федералдық университетінің басшылығы оған ерекше жағдай жасағаны айтылады. Зейнеткерді бір жылдық оқу күтіп тұр. Ол бағдарламалау курсына қабылданды. Оқуды бітіргеннен кейін кәсіптік қайта даярлау дипломын алады. Виктор Владимирович Python бағдарламалау тілін үйреніп, web-қосымшалар жасауды меңгермек. Бұған дейін оның IT саласынан хабары болмаған, тіпті компьютерді де енді үйреніп жүр. Бүкіл ғұмырын алюминий зауытында жұмыс істеп өткізген.

Серіктес жаңалықтары