«10 жыл бойы ішімдікке жақын болды»: Илья Ильин Алмас Өтешовпен ара қатынасы жайлы айтты

Біраз уақыт бұрын зілтемірші Алмас Өтешов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат беріп, ауыр атлетикадағы біраз шындықты жайып салған еді.

«10 жыл бойы ішімдікке жақын болды»: Илья Ильин Алмас Өтешовпен ара қатынасы жайлы айтты
Ғаламтор
Автор
Админ
610

Ауыр атлет Илья Ильин Рахим Ошақбаевқа сұхбат беріп, досы әрі бұрынғы командаласы Алмас Өтешовпен қарым-қатынасы жайлы айтты.

"Алмас – менің досым. 14 жасымнан бері біргеміз. Бірге жаттықтық. Сосын ол менің командама өтті. Құрамадан кетіп, мені қолдағандардың бірі болды. Мен оған жетекші болдым. Ол тек менің жоспарым, жүйем бойынша жұмыс істеді. Ерлер арасында әлем чемпинатында екінші орынды иеленді. Ол менің өкшемді басып келе жатты. Ол менен бірнеше жасқа үлкен болса да, ол менің шәкіртім болды. Өкініштісі сол, бір мезетте бәрі жаман күй кешеді. Ол сол күйден шыға алмады. Ол 10 жыл бойы ішімдікке жақын болды. Әрине, ол көп шындықты айтты. Реніші де бар. Ішіндегі айқайды қоғам естігенін қалады. Ол қазір клиникада ем алып жатыр. Біз оны тауып алдық,  қазір біз оны емдеп жатырмыз. Федерация қосылды. Мен оған халық қол ұшын созып жатқанын, егер дәл қазір оны алмасаң, ертең бәрі кеш болатынын айттым. Оның тағдырына бей-жай қарамайтын адамдар оны таксиге отырғызып, сөйтіп ол Астанаға келді. Қазір емделіп жатыр", – дейді И.Ильин.

Серіктес жаңалықтары