948
1 млн теңге пара алған ҚАЖД басшысына 30 млн теңге айыппұл салынды
Солтүстік Қазақстан облысының ҚАЖД бұрынғы басшысына үкім шықты.
Петропавл қалалық соты Әділет Мұстафиновты айыпты деп таныды.
«Ол СҚО қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне ұн жеткізу қызметтері бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасауға көмектесу үшін делдал арқылы кәсіпкерден 1 млн теңге пара алған. Сот үкімімен Мұстафиновқа 30 млн теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды»-делінген Антикор хабарламасында.
Ол жұмысынан босатылды. Ал пара берушіге 20 млн теңге, делдалға 10 млн теңге айыппұл салынды.