Атбасарда полиция жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

Қайғылы оқиғасы 18 тамыз күні сағат 02:50 шамасында болған.

Атбасарда полиция жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды
istockphoto.com
439

Ақмола облысының Атбасар қаласында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиғасы 18 тамыз күні сағат 02:50 шамасында болған.

«Атбасар қаласында жаяу адамды көлік қағып кетті, ол алған дене жарақатынан көз жұмды. Осы оқиғаға қатысы бар жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деді ведомстводан.

Желіде тараған жазбада күдікті 2013 жылдан бері полиция қызметкері болып жұмыс істеген.

ПД баспасөз қызметінен кінәлі жүргізушінің полиция қызметкері болып істегенін растады.

«Қазір ол теріс себептермен ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды және тергеу барысы Ақмола облысы ПД басшылығының бақылауында», - деп толықтырды ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары