Данияр Елеусінов қыркүйекте кіммен жекпе-жекке шығатыны белгілі болды

IBO тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы 28 қыркүйек күні AllStarsBoxing кешінде филиппиндік Джо Нойнэйға қарсы жұдырықтасады.

Данияр Елеусінов қыркүйекте кіммен жекпе-жекке шығатыны белгілі болды
Данияр Елеусинов. Фото: Instagram / yeleussinovdaniyar
675

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің Алматыда өтетін жекпе-жегінде кімге қарсы жұдырықтасатыны анықталды, деп хабарлады turkystan.kz сайты stan.kz басылымына сілтеме жасап.

Алматыда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға қайта оралатын Данияр Елеусіновтің қарсыласы белгілі болды. IBO тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы 28 қыркүйек күні AllStarsBoxing кешінде филиппиндік Джо Нойнэйға қарсы жұдырықтасады. Бұл Даниярдың кәсіби мансабындағы он екінші жекпе-жегі болса, Джо үшін 28 жекпе-жек болмақ.

Сондай-ақ бұл кеште IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Жанқош Тұраров та шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов (11-0,6 КО) соңғы жекпе-жегін Астанада болған «Чемпиондар түні IBА» – «Astana Arlans» турнирінде өткізді. Ол 6 раундтық кездесуде Джабулани Макхенсені төрешілер шешімімен ұтқан еді. 

Серіктес жаңалықтары