Желіде Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның үйлену тойының видеосы тарады

Бейнежазбаны әнші Мақпал Жүнісова жариялаған.

Желіде Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның үйлену тойының видеосы тарады
615

Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде осыдан 25 жыл бұрын өзі қатыстқан тойдың видеосын жариялады. Бұл той әнші Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның қуанышында түсірілген, деп жазды turkystan.kz.

Ескі кадрдан Мақпал Жүнісованың жас жұбайларды құттықтап, олардың бетінен сүйгенін көруге болады. Оның қолында ақ орамал бар, ол беташар кезінде Қарақаттың жүзін жауып тұрған.

«Мен жұғысты болсын деген ниетпен беташардағы орамалды алып алдым. Оны ешкім алған жоқ, сондықтан мен ырым етіп алдым", – дейді М. Жүнісова жас келінге.

Желі қолданушыларын Қыдырәлі мен Қарақаттың тойы емес, Мақпал Жүнісованың өзгермеген түр ­ әлпеті көбірек қызықтырған ұқсайды. Олар әншінің қатты өзгермегенін жарыса жазуда.

Серіктес жаңалықтары