905
Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатының финалына шықты
Екі бірдей балуан әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін таласқа түседі
Қазақстандық екі балуан Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінің финалына шықты.
Алғаш болып жарысқа грек-рим күресінің балуандары араласты. 55 келіде белдесетін Алпамыс Болатұлы іріктеуде ол Жапония, Иран және Армения балуандарын ірі есеппен жеңіп, финалға жолдама алды. Алпамыс алтын үшін таласта америкалық Джейден Скотт Рэйнимен күреседі.
80 келіде өнер көрсететін Еркебұлан Анапия да әлем чемпионатының финалында белдеседі. Ол жартылай финалда Әзербайжаннан келген балуаннан басым түсті. Анапияның финалдағы қарсыласы – нейтралды ту астында өнер көрсететін Михаил Шкарин.