445
Абай облысындағы жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы 15 тамызда түскі сағат 15:20-да, Омбы – Майқапшағай тас жолында орын алған.
Бұл туралы obvk.kz хабарлайды.
Toyota Camry маркалы екі автокөлік бір-біріне соғылып, 4 адам қаза тауып, 6 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеуден кейін процессуалдық шешім қабылданады»-делінген баспасөз хабарламасында.
Абай облысының Полиция департаментінің басшылығы тергеуді өз бақылауына алды.